Маңғыстаудағы инсульт орталығы Қазақстан бойынша үздік атанды

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының инсульт орталығы жуырда Астана қаласында өткен «Инсульт мектебі-2025» халықаралық конференциясында Қазақстан бойынша үздік атанып, 1-орынға ие болды.

Маңғыстаудағы инсульт орталығы Қазақстан бойынша үздік атанды
Фото: Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі

Халықаралық іс-шараға еліміздің инсульт орталығына жауапты бас дәрігерлер мен Италия, Украина және АҚШ елдерінің профессор-ғалымдары қатысқан. Маңғыстау облыстық инсульт орталығының бөлім меңгерушісі Ілияс Құлымбаевтың айтуынша, жұмыс сапасы мен индикаторлық көрсеткіштердің нәтижелі болуы жоғары бағаланған. 

— Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жанындағы инсульт орталығы 2012 жылы ашылды. Бүгінде мұнда 8 дәрігер жұмыс істейді. Инсульттың деңгейлері әр түрлі болады ғой. Соның ішінде ишемиялық инсультпен науқастар жиі түседі. Олардың жас шамасы 50- 65 жас аралығында. Бір жылда шамамен 1 300-дей науқасты емдейміз. Индикаторлық көрсеткіш жоғары болып, «Үздік инсульт орталығы» атандық. Бұл ұжымдық еңбектің нәтижесі, -дейді орталық меңгерушісі Ілияс Құлымбаев.

Бұған дейін, Ақтауда шетелдік дәрігерлер 3 балаға күрделі ота жасағаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар