Маңғыстаулық тұрғын жалғызілікті ананы бағып, елді сүйсінтті

АҚТАУ. KAZINFORM — Жаңаөзен қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Мыңжас көпке үлгі боларлық қайырымды іс жасап отыр. Ол Түрікменстанда жалғыз қалған кейуананы екінші анасындай қабылдап, қамқорлығына алған. Оны өз отбасымен бірге Қазақстанға көшіріп әкеліп, зейнетақы алуға көмектескен.

Маңғыстаулық тұрғын жалғыз ілікті ананы бағып, елді сүйсінтті
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

— Мені тастама дегесін, өзіміздің қазағымыз болғасын Қазақстанға өзімізмен бірге көшіріп алып келдік. Өзімнің анам сияқты көремін. Қасымызда, бала-шағамның ортасында тұрып жатыр. Анам екеуі тату-тәтті, бәрін ақылдасып шешеді, — дейді Нұрсұлтан. 

Маңғыстаулық тұрғын жалғыз ілікті ананы бағып, елді сүйсінтті
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Алпысты алқымдаған Айсұлу Жұпарова да Нұрсұлтанды туған баласындай жақсы көреді. Тағдырдың талай қиыншылығын көрген әйел Түркіменстанда туып-өсіп, тұрмыста болмаған. 30 жыл медбике болып еңбек еткен. Көршінің баласы Нұрсұлтанды «бала қылып» бауырына басқан.

Маңғыстаулық тұрғын жалғыз ілікті ананы бағып, елді сүйсінтті
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

— Қазақтың жеріне барайын, сен барсың ғой маған басқа ештеңе керек емес дедім. Нұрсұлтаным болса болды маған. Ауырған кезімде көмектесті. Не сұрасам да әкеліп береді. Енді не керек маған? Маған Нұрсұлтаным, бала-шағасымен бірге аман болса болды, — дейді Айсұлу Жұпарова.

Маңғыстаулық тұрғын жалғыз ілікті ананы бағып, елді сүйсінтті
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Нұрсұлтан Мыңжас отбасымен 2021-жылы Түркіменстаннан Қазақстанға қоныс аударған. 32 жастағы азаматтың ата-анасы, жұбайы мен 3 баласы бар. 

Бұған дейін, шетелдік инвестор Бозжыра шатқалына қонақүй салуға қызығушылық танытқаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар