Маңғыстау атом электр комбинаты 1-энергия блогында жөндеу жұмысы басталады

Маңғыстау атом электр комбинаты баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 3 шілдеде жергілікті уақытпен сағат сағат 17.31-де №1 энергия блогының жұмысы тоқтатылған. Бұған ТЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуі себеп болған.
«Маңғыстау облысының тұтынушылары үшін тоққа еш шектеу жоқ. №1 энергия блогында салқындаған соң, 5 шілдеде сағат 00:00-ден кейін жөндеу басталады. Салқындату бір тәуліктен астам уақытта жүргізіледі. Осыған байланысты №1 энергия блогында 6 шілдеде сағат 00:00-ге дейін шұғыл жөндеу жүргізуге өтінім берілді», -деп хабарлады МАЭК баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бірнеше шағынауданда жарық сөніп қалғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, электр қуатының жоқтығынан Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқанын хабарлап едік.
Зауыттың қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, электр желісіндегі ақаудың салдарынан қондырғылардың жұмысы апаттық жағдайда тоқтатылған.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты бүгін, 3 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 17:25-те жұмысын тоқтатты. Бұған «KEGOC» АҚ тарапынан электр энергиясының өшірілуі себеп болды. Технологиялық регламентке сәйкес апатты жағдайдың алдын алу мақсатында электр энергиясының сыртқы желілерін толық қалпына келтіргенге дейін зауыттың отын желісі факелге жіберілді», - деп мәлім етті зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінен.
Кейін атыраулықтардың неліктен жарықсыз қалғанының себебі себебі айтылды.
Ал, ертең Атыраудың 25 көшесінде күні бойы электр қуаты болмайды.