Маңғыстау облысында 21 жастағы қыз жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 21 жастағы қыз іздестірілуде, деп жазады Лада.кз Мұнайлы ауданының ІІБ сілтеме жасап.
None
None

Көршілес Өзбекстан елінің тумасы Төреғалиева Жадыра Бақтыбайқызы 1993 жылы 19 сәуірде дүниеге келген. Атамекен ауылында тұратын ол 9 желтоқсан күні сағат 10.00 кезінде үйден шығып кеткен.

Белгілері: бойы 165-170 см, шашы қысқа, қара түсті. Үстіне қара түсті күртеше мен көк шалбар, қоңыр жемпір, қара аяқкиім киген. Қолында «Нокиа» телефоны болған.

Соңғы жаңалықтар