Маңғыстау облысында іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды
«Облыстың ішкі істер департаментінің аумақтық бөлімшелері екі күнде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын кәсіпорындарды, ұйымдарды, 20 нарық пен сауда орындарын тексеріп шықты. 267 шетелдік және азаматтығы жоқ адамдар (олардың барлығы ТМД азаматтары) Қазақстан Республикасына келу қағидасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1 шетелдік елден шығару туралы шешімді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Ш. Юлдашева.
«Сот органдарының шешіміне сәйкес елден 11 шетелдік елден шығарылды, облыстың ІІД қабылдау-бөлу орнына 19 шетелдік азамат тоғытылды, 112 адам тіркелусіз немесе құжатсыз ҚР-да тұрып жатқандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР 22 азаматы ҚР ӘҚтК-ні бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 8 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы кезеңде шетелдіктер «ҚР мемлекеттік шекарасынан қасақана заңсыз өту» ҚР ҚК 330-бабы бойынша 3 қылмыс жасаған», - деді Ш. Юлдашева.
11 наурызда жүргізілген «Мигрант» іс-шарасы 14 наурызда аяқталады.