Маңғыстау облысында ЖӨӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 17 мың АҚШ долларын құрады - Қ.Көшербаевтың есептік кездесуі

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 9 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өңір халқымен есептік кездесуі өтті.
None
None

Шараға барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық басқармалар мен аумақтық органдардың басшылары, «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері, мәслихат депутаттары, облыстағы барлық елді мекендердің, үкіметтік емес ұйымдардың және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Облыс басшысы қатысушыларға аймақтың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндап, ағымдағы жылғы жоспарлармен бөлісті.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң нәтижелеріне 2010 жылдың қорытындысы бойынша ел өңірлерінің рейтингісінде алып отырған көшбасшылық орны дәлел. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің көлемі бойынша облыс бүгінгі күні екінші орында тұр және 17 мың АҚШ доллар көрсеткішімен орташа республикалық көрсеткіштен екі есеге асып түсті. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі екі есеге дейін артып, 2010 жылдың қорытындысы бойынша - 1,5 трлн. теңгені құрады.

Бүгінде Маңғыстау облысы республиканың өнеркәсіп өндірісінің 16,5 пайыз үлесін қамтамасыз етіп отыр. 2010 жылы өнеркәсіптік қайта өңдеу секторында өсім 55 пайыздан асты. Бұл химиялық, машина құрастыру, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп саласындағы оң қарқынның арқасында мүмкін болды.

Өңір экономикасының жетістікті дамуына негізгі капиталдағы инвестицияның өсімі кепіл болды. 2010 жылы 370,5 млрд. теңге немесе 2,5 млрд. АҚШ доллары тартылды. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 12 пайызға көп және республиканың аймақтары арасында екінші орындағы көрсеткіш.

Соңғы жаңалықтар