Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында есеп берді

деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 2009 жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын 2010 жылдың міндеттері туралы есеп берді.
Маңғыстау облысының әкімі 2009 жыл еліміздің экономикасы үшін айтарлықтай жеңіл болмағанын атап өтті. Бірақ Қазақстан, оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен дұрыс жүргізілген дағдарысқа қарсы саясаттың арқасында төнген рецессия қаупіне төтеп бере алды.
- Қырымбек Көшербаев мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында 2009 жыл біздің республиканың экономикасы үшін аз ғана шығынмен өткен жыл болғанын атап өтті. - Аймақ экономикасының дамуы туралы да осыны айтуға болады.
Макроэкономикалық көрсеткіштер, 2009 жылдың қорытындысы бойынша облыста экономиканың өсімі мен тұрақты әлеуметтік-саяси жағдайдың сақталғандығын айғақтайды. Ішкі жалпы өнімнің өсімі 2008 жылмен салыстырғанда 103 % құрады. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің мөлшері 18 мың АҚШ долларын құрады - бұл республика өңірлері арасындағы екінші көрсеткіш.
Халық үшін негізгі азық-түлік тағамдарына қойылатын баға мен коммуналдық қызметке қойылатын тарифтерінің елеулі түрде өсуіне жол берілмеді. Жыл қорытындысы бойынша республика өңірлері арасында инфляцияның ең төменгі деңгейі біздің облыста - 4,6 % болды.
Маңғыстау облысы - республиканың бүкіл өңірлері арасында бірінші болып, облыстың барлық елді мекендерін газбен, сумен, электр энергиясымен, телехабар таратылуымен және байланыспен 100 % қамтамасыз етіп отыр. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін екі жарым жыл ішінде барлық ресурстарды жұмылдыра отырып, 42 млрд. теңге жұмсалды.
«Жол картасы» аясында жаңадан 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, ондаған шақырымдық жолдар, 32 мектеп пен аурухана, әлеуметтік инфрақұрылымның 10 объектісі жөндеуден өткізілді. Мемлекет есебінен шамамен 5 мыңдай адам екінші кәсіби мамандыққа ие болды.
Шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялар, біздің азаматтар үшін 4 600 жұмыс орнын құрды, 9600 жұмыскер даярлықтан және біліктілігін арттырудан өтті, 595 шетелдік маман отандық мамандармен алмастырылды.
Орташа айлық жалақы мөлшері 14%-ға өсіп, 110 мың теңге (730 АҚШ долларын) құрады, бұл - ең төменгі 7 күнкөрісті (15 166 теңге) қамтамасыз етеді.
Маңғыстау облысы екінші жыл қатарынан ауылдық жердегі тұрғындардың оң сальдосы байқалған бірден-бір аумақ ретіндегі дерек болып табылады. 2009 жылдың қорытындысында туудың ең жоғары деңгейі де біздің облыста, халықтың өсу қарқыны жағынан Астанадан кейінгі екінші орындамыз.
2009 жылы облыс бойынша тұрғын үйді қатарға қосу көлемі 476 мың шаршы метр құрады, оның ішінде 80 % (384 мың шаршы метр) жеке тұрғын үй құрылысының үлесіне тиеді.
2009 жылы облыста республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға барлық көздер есебінен 6,7 миллиард теңге бағытталды, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.
«Форт - Шевченко Таушық», «Қызылсай - Шопан-Ата - Оғыланды» автомобиль жолдарын салу, сондай-ақ «Ақтау - Қаламқас», «Таушық - Шетпе» және «Ақтау - Құрық» автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жалғастырылды.
«Ақтау - Құйылыс» автомобиль жолын күрделі жөндеу аяқталды.
Бюджет қаражаты есебінен облыстың қалалары мен аудандарындағы кентішілік, шағынауданішілік жолдарды күрделі және орташа жөндеуге шамамен 3 миллиард теңге бағытталды.
«Жыңғылды - Шайыр», «Қияқты - Тұщықұдық» автомобиль жолдарының құрылысы бойынша, сондай-ақ «Ақтау - Форт - Шевченко» автомобиль жолын күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы республикадағы іске асқан концессиялық негізде салынып, пайдалануға берілді.
Өткен жылғы қыркүйекте «Өзен - Түркіменстан шекарасы» темір жол желісінің құрылысын салу басталды. «Жетібай - Түркіменстан шекарасы» автомобиль жолын қайта құрылымдау мәселесі шешілді. 2010 жылы осы мақсатқа республикалық бюджеттен 350 миллион теңге бөлінді.
Мемлекет басшысының қолдауымен өңіріміз үшін стратегиялық маңызы бар «Атырау - Ақтау» автомобиль жолының «Бейнеу - Шетпе - Жетібай - Ақтау» учаскесін қайта құрылымдау мәселесі тиісті дәрежеде өз шешімін тапты. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте қазірдің өзінде жұмыстарын бастауға 500 миллион теңге көзделді. Қажетті 74 миллиард теңге көлеміндегі негізгі қаржы Үкіметтің қолдауымен биыл Азиялық Даму Банкісінен қарыз түрінде тартылмақ.
«Жезқазған - Бейнеу» темір жолының құрылысын салу жобасы бойынша, концессиялық негізде жобаны іске асыру туралы мемлекеттік - жеке меншік серіктестік орталығының оң сараптамалық қорытындысы алынды.
Іске асырылуы 2010 жылы басталатын концессиондық объектілердің тізбесіне, облыс орталығына темір жол және автомобиль вокзалдарының құрылысын салу енгізілді, объектілердің техникалық экономикалық негіздемелері әзірленді, мемлекеттік - жеке меншік серіктестік орталығының оң қорытындысын алды.
2009 жылы «Ералиево - Құрық» темір жол учаскесінің құрылысын салуға қажетті барлық дайындық жұмыстар жүргізілді - жобаның концессионері анықталып, жобаны жүзеге асыру 2012 жылға ауыстырылды.
Бейнеу селосында көлік-логистикалық орталығының құрылысына және Бейнеу ауданының Тәжен селосында еркін шекаралық сауда-саттық аймағын құруға арналған техникалық экономикалық негіздемелерді әзірлеу аяқталды. Жобаны іске асыру, «Жезқазған - Бейнеу» темір жолы құрылысының басталуымен бір мезгілде жоспарлануда.
Табиғат қорғау шараларына 1,4 миллиард теңге бағытталды, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.
2009 жылы «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының екі радиациялық-қауіпті учаскесінің жерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Ақтау қаласында және Бейнеу, Шетпе, Құрық, Жетібай селоларында қатқыл-тұрмыстық қалдықтардың бес полигоны салынып, пайдалануға берілді.
2009 жылы денсаулық сақтау саласына шығыстарды едәуір ұлғайтуға мүмкіндік беріп, сала бюджеті 12,5 миллиард теңге құрады, бұл - 2008 жылмен салыстырғанда 3 миллиард теңгеге көп.
Ана өлімінің көрсеткіші, 2008 жылмен салыстырғанда 36%-ға төмендеді, нәресте шетінеуінің көбеюіне жол берілмеді.
Дәрігерлер мен орта медицина қызметшілерінің білім мен санаттық деңгейі жақсартылды, біздің 20 маманымыз Литваның, Ресейдің, Израилдің, Сингапурдың және Австрияның клиникаларында оқытудан өтті.Телемедицина жүйесі толық енгізілді.
«100 мектеп және 100 аурухана» республикалық бағдарламасы аясында, Ақтау қаласында облыстық қан орталығы мен 100 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансерінің, сондай-ақ Маңғыстау ауданының Шетпе селосында 150 төсек орындық орталық аудандық аурухананың құрылысын салу жалғастырылды.
Білім беру саласына 2009 жылы 21 миллиард теңге бөлінді, бұл - 2008 жылмен салыстырғанда 2 миллиард теңгеге көп.
Білім беру сапасы артты. Бұған Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындылары айғақ. Тестілеудің қорытындысы бойынша облыс республиканың өңірлері арасындағы рейтингте соңғы екі жылда 13-тен 4-орынға көтерілді.
Қазіргі уақытта облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 35% құрайды (орташа республикалық көрсеткіш 38,7%).
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің бас оқу корпусы пайдалануға берілді.
Мәдениет саласында «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасы аясында еліміздегі ең ірі қойымдықтың бірі - «Сисем Атада» қайта жаңғырту жұмысы жалғастырылды. Қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы сағана құрамындағы 72 тарихи ескерткіш жаңартылды. Мақсаты жаңа дарындарды анықтау болып табылатын «Маңғыстау жұлдыздары» облыстық фестивалін өткізу дәстүрге айналды. «Қызыл қала» бірегей қалашығын археологиялық зерттеу жалғастырылды. Ғалымдар Ұлы Жібек жолының сауда қатынастары мен бағыттарының дамуы туралы маңызды мәліметтер тапты. Облыстың барлық аудандарына көшпелі экспедициялар ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша, Маңғыстау тарихының ескерткіштері туралы бірегей материалдар жинағын үш тілде шығару үшін дайындалды. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жергілікті орындаушылардың үнтаспасын қамтитын «Маңғыстау мақамдары» музыкалық жинағы шығарылды.
Облыстық қуыршақ театрына, облыстық ғылыми-әдістемелік орталығына, ауылдық жердегі 8 мәдениет үйінің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілді. «Отпан тау» кешенінде де тиісті жұмыстар жүргізілуде. Айта кететін жәйт - осы жұмыстардың барлығы ғылыми-әдістемелік кеңестің қатысуымен және бақылауымен жүргізілуде. Ақтау қаласында Н. Жантөрин атындағы драма театрының үлкен әрі кіші залдары, теңіз жағасында амфитеатры бар жаңа ғимаратының құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталды. «Электронды мұрағат» жүйесін енгізу жұмысы жалғастырылды.
Спортты дамыту үшін жаттығу үдерісінің сапасын жақсарту мақсатында 2009 жылы күрес, каратэ-до, дзюдо балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен «Каспий» футбол клубына жөндеу жүргізілді, Жаңаөзен қаласында мұнайшылардың көмегімен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.
Барлығы жыл ішінде облыс аумағында 8 спорт құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Ақтау қаласында салынбақ футбол алаңы бар ірі Спорт сарайының және теннис орталығының жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды.
Кадрларды ауылдық жерлерге тұрақтандыру мақсатында, аз қамтылған отбасылардын шыққан орта мектептер мен колледждердің 363 түлегі облыс Әкімінің грантымен аймаққа қажетті мамандықтар бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытылуда.
2010 жылы алғашқы 76 бітіруші ауыл мектебінде, ауруханасында және мәдениет үйінде жұмыс істеуге келеді.
2009 жылы облысымызға көшіп келген отандастарымыздың проблемалары барынша тиімді шешілуде.
Осы мақсатқа 2009 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 12 миллиардтан астам теңге бағытталды, бұл - 2008 жылмен салыстырғанда 2,3 миллиард теңгеге көп.
Көшіп келетін отандастарымыз үшін квота 2008 жылмен салыстырғанда 320 отбасына көбейтілді.
«Нұрлы көш» жобасын іске асыру бойынша дайындық жұмысы жүргізілді.
2009 жылы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі Кешенді жоспарын іске асыру басталды. Өткен жылы осы мақсатқа барлық көздер есебінен 6,3 миллиард теңге бағытталды.
Жылу желілерін қайта құрылымдау және кеңейту, бұрыннан бар канализациялық тазарту құрылымдарын, сумен жабдықтау, энергиямен қамтамасыз ету және газбен жабдықтау желілерін қайта құрылымдау және жаңғырту жобаларын іске асыру басталды.
Бірден 200 пәтерлік үш тұрғын үйдің, перзентхананың және 100 төсек-орындық туберкулезге қарсы аурухананың, 1200 орындық орта мектептің және әрқайсысы 280 орындық үш балабақшаның жаңа ғимараттарынның құрылысын салу жүргізілуде. Іске асыруға қосымша 9 объекті - «Рахат» шағын ауданды сумен қамтамасыз етудің 2 объектісі, Ішкі істер органдарының жедел басқару орталығының құрылысы, денсаулық сақтаудың 4 объектісі - бұлар қалалық емхана, Теңге мен Қызылсай селоларындағы дәрігерлік амбулаториялар, қалалық аурухананың терапевтік кешенінің жаңа ғимараты енгізілді.Теңге мен Қызылсай селоларында сонымен бірге мәдениет үйлерін салу жоспарланды.
Жер қойнауын пайдаланушы-компаниялардың аймақтағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамытуға арналған шығыстары 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда, 44-тен 67 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайтылды.
Өнеркәсіптік өнім көлемі 1 триллион 270 миллиард теңге, нақты көлем индексі - 100%-дан аса құрады.
Өңір экономикасына 293 миллиард теңге (2 млрд. доллар) тікелей инвестиция тартылды. Дағдарысқа қарамастан Индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының аясында облыста жалпы құны 1,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 12 жобаны іске асыру жүргізілуде, оның төртеуі 2009 жылы пайдалануға берілді, 2 жобаны іске асыру жалғастырылуда және тағы да 6 жобаны іске асыру басталды.
Тағы да 10 инвестициялық жоба сараптамадан өтіп, іске асыруға қабылданды.
«Жер - Теңіз - Аспан» ұзақ мерзімді ықпалдастырылған инвестициялық мега-жобаны іске асыру жалғастырылды.
2010 жылдың жоспары. Жыл басында 82 млрд. теңге мөлшеріндегі бюджетті игеруге қабылданғалы отыр, бұл - бүкіл 2009 жылдан артық (80,9 млрд. теңге). Облыстың әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруға жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың қомақты қаражаттары тартылды, 2010 жылы ол 80 млн. АҚШ долларын (12 млрд. теңге) құрайды, бұл - 2009 жылмен салыстырғанда 13 млн. АҚШ долларына артық.
Тікелей республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыруға тағы да 2 млрд. теңге бөліну туралы Үкімет шешімі қабылданды. Биылғы жылы облысты дамытудың бар бағдарламасы 96 млрд. теңгені құрайды.
Биылғы жылы «жол картасын» іске асыруға барлығы 3,5 млрд. теңге бағытталады. 47 мектепке, 16 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық обектілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, 18 ауылдық елді мекенді абаттандыру және ондаған километр жолдарды жөндеу жоспарлануда.
Бір жылдың ішінде 2290 орындық 10 балабақша салынып, 1430 орындық тағы да осындай балабақша қалпына келтіріледі. Мектептер мен жеке колледждерде 899 орындық 22 мектепке дейінгі тәрбиелеу шағын орталықтарын (мини-центрлер) ашу жоспарлануда.
Жаңа оқу жылы - 2010 жылдың 1 қыркүйегіне барлығы 5280 оқушы орындық жаңадан 6 орта мектеп есігін ашатын болады.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті одан әрі дамытылады. Биылғы жылы университет кешенінде студенттік жатақханалар мен професор-оқытушылар құрамына арналған тұрғын үйлерді салу басталады.
Биылғы жылы «100 мектеп және 100 аурухана» республикалық бағдарлама аясында облыстық қан орталығының, Маңғыстау ауданының Шетпе селосындағы 150 төсек-орындық орталық аудандық аурухананың, Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық туберкулезге қарсы ауруханасы жаңа ғимаратының, Бейнеу селосындағы 40 төсек-орындық перзентхананың құрылыстарын салу аяқталатын болады.
Жаңаөзен қаласында 100 төсек-орындық перзентхана құрылысын, 100 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансерін салу жалғасады.
Құрық селосында байланысты (виражды) балаларға арналған 300 орындық санатория үлгісіндегі облыстық мектеп-интернатының және 75 орындық балабақшаның құрылысын салу басталады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылды. Республикалық бюджетте көзделгендей, жергілікті бюджетте де барлық санаттағы алатындар үшін сондай мөлшерде қаражат көзделді.
Яғни, соғысқа қатысқандардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 65 мың теңге бөлінсе, жергілікті бюджеттен де соншама мөлшерде бөлінеді. Алушылардың бәріне әлеуметтік төлемдер осындай болады.
Бұдан басқа, соғыс ардагерлері үшін республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына жазылуға және коммуналдық қызметті төлеу бойынша барлық шығыстарын өтеуге қаражат көзделді.
Балалар мен жасөспірімдерді спортпен айналысуына ақысыз секцияларға көбірек тарту үшін биылғы жылы облыстағы жасөспірімдер спорт мектептерінде жаңадан 25 топ ашылатын болады.
2010 жылы барлық көздерден осы мақсатқа 8,5 миллиард теңге бағыттау жоспарлануда.
Электрлендіру жоспарында Ақтау қаласында «Приозерная» станциясы және «ГПП - 4Г» объектісі сияқты ірі объектілер салу басталмақ. Бұл объектілер «Ақтау - Сити», «Каспий энергетикалық хабы» жобаларын, сондай-ақ облыс орталығындағы 20 және 31 шағын аудандарының аумағында салынып жатқан жаңа әлеуметтік жобаларды қамтамасыз етеді.
Сумен жабдықтау жүйесінің 16 жобасы іске асырылатын болады. Олардың мақсаты - ауыз сумен жабдықтау сапасын арттыру.
Биылғы жылы бір мезгілде үш ірі экологиялық жобаны іске асыру жүргізілетін болады. 2010 жылы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінді.
Жаңаөзен қаласында тазарту құрылығысын және Қарақия ауданының Құрық селосында канализациялық тораптар коллекторының құрылысын салу жалғасады.
Оралмандардың проблемаларын шешу бойынша жұмыс одан әрі жүргізіледі. Таяу арада республикада алғашқы Ақтау қаласында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы іске қосылады.