19:49, 14 Қаңтар 2015 | GMT +5
Маңғыстау облысының ТЖД «Эко-Техникс» ЖШС кәсіпорнында орын алған өрттің неден болғанын тергеуді бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының ТЖД деректеріне сүйенсек, «Эко-Техникс» ЖШС бұрғылау жұмыстарының қалдықтарын жою кешенінде мұнай қалдықтарының өртенуі туралы хабарлама сағат 12.20 минутта түскен.
Бұл туралы lada.kz хабарлады.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері қою түтін басып, бұрғылау қалдықтарын жинайтын сектордың бірі өртеніп жатқанын көрген. Кәсіпорын Ақтауда шығысқа қарай 28-ші шақырымда орналасқан. ТЖД хабарлағандай, түтін сейілген кезде тұтастай жанып кеткен «Жұбантранссервис» ЖШС-ға тиесілі «КамАЗ» көлігі табылған. Жүргізушінің айтуынша, өрт жинаққа мұнай қалдықтарын құйып жатқан кезде шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
Басқа секцияларға өрттің тарауын болдырмау мақсатында АЦ-5.5-40 техникасы мен Маңғыстау облысы ТЖД «ӨСжәнеАЖ» ММ-нің ӨБ-5 бөлімшесінен 6 адамнан тұратын қауіпсіздік күзеті ұйымдастырылды.
Жалынның шығу себебі мен шығын анықталуда. Тергеумен Маңғыстау облысының ТЖД мен ІІД айналысады.