17:43, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Маңғыстау тұрғынына пойызбен 100 келіден астам марихуана жеткізілген
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасын жүргізу кезінде Ақтау қаласындағы «Авангард» гараждық қоғамында 36 жасар Маңғыстау облысының тұрғыны ұсталды. Оның гараждағы жертөлесін тексеру кезінде жалпы салмағы 103 кг 440 грамм болатын 6 қап «марихуана» табылған және тәркіленген

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз баянында хабарланған.
Ұсталған ер адамның сөзіне қарағанда, бұл есірткі затын ол «Алматы-Маңғышлақ» бағытындағы пойыздан 24 мамыр күні алған. Ұсталған адам Ақтау қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Қазіргі уақытта есірткі заттарын жеткізу жолын анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру, арнайы және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.