18:45, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Маңғыстаудың полицейлері бір сағаттың ішінде кісі өлтіру фактісін әшкере етті
АҚТАУ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Маңғыстаудың полицейлері бір сағаттың ішінде кәсіпкерді өлтіру фактісін әшкере етті.

«XXI ғасырда өмір сүріп жатырмыз, қылмыстың бетін ашу үшін барлық қажетті құралдар, күш пен жігер, мүмкіндік бар. Біз кісі өлтіру оқиғасы орын алған жерде болдық, шамамен бір сағаттан кейін күдіктінің ізіне түстік. Ол Ақтау қаласындағы 4-ші шағынауданның тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады, қазір уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Марқұм шолақ мылтықтан өлтірілген, қажетті шаралар жүргізілуде.
Оған қоса күдіктінің екі сыбайласы анықталды, олар да қала тұрғындары. Күдіктінің сөзіне қарағанда, оны қылмыс жасауға жеке себептер итермелеген», - деді Маңғыстау облысы бойынша ІІД-нің бастығы Мейірхан Жаманбаев.