Марат Ахметжанов есірткі қылмысы бойынша ұсталған полицейге қатысты пікір білдірді

«Шынымен де жақында полицей ұсталды. Қылмыс жасаған әр адам біздің заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Аталған күдікті қамауға алынды. Қазір қызметтік тексеру басталды. Оның қорытындысы бойынша кінәлілер анықталса, заң аясында белгіленген жауапкершілікке тартылады», - деді М. Ахметжанов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар министр Қостанай облысы ішкі істер органының басшылығы да тиісті жауапқа тартылатынын айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 мамырда Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен Қостанай облысының Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен операция өткізіп, Қостанай қаласында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкерін ұстады.