Марат Бекетаев ісі: экс-министрді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев биыл 10 наурызға дейін қамауда отырады. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады.

бекетаев
Фото: Әділет министрлігі

- Қамауда ұстау санкциясы 2025 жылғы 10 наурызға дейін ұзартылды, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұрынғы министр Марат Бекетаев 1,5 жылдай қамауда отыр.

Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

Антикордың мәліметінше, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдаған. Экс-шенеунікті қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет биыл 21 мамырда 2024 жылғы 21 маусымға дейін қамау санкцияланды.

Былтыр шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеу амалдарының аяқталғанын хабарлады.

Сондай-ақ өткен жылы қазанда экс-министрге қатысты тергеу аяқталып, Антикор материалдармен танысып жатқаны туралы хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар