Марат Мурзиев Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Марат Мурзиев Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол бұған дейін Құрманғазы ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Марат Бисенғалиұлы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер, Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетін экономист мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Атырау табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

2004 жылы Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 2006-2009 жылдары заңгер, түрлі компаниялардағы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметінде болған.

2009 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданы әкімінің аппаратында әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылдары – Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы – Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі орынбасары, 2013 жылы – Атырау облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы.

Ал, 2017 жылы Исатай ауданының әкімі, 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен кеткенін жазған едік.

Асхан Байдуәлиев бұл лауазымға 2020 жылғы 20 қазанда тағайындалған.

Оның мамандығы – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген.

Кейін Қайсар Абдалиев Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқаратынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар