Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев: Мен мылтық атқан жоқпын

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті ашық сот отырысы жалғасып жатыр.

Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды
Фото: Досбол Атажан

Тыңдалым марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев пен сотталушы Нұрқияс Илясов арасындағы беттестіру бейнежазбасын зерделеуден басталды.

Бейнежазбада Нұрқияс Илясов оқиға болған күні мылтықты Нұрқанат Ғайыпбаевтан тартып алғанын, өз қолында пышақ болмағанын мәлімдеген. Өз кезегінде Нұрқанат Ғайыпбаев мылтық атқанын жоққа шығарды.

– Жігітше мойындасаңшы, сен мылтық аттыңғой, – деді Илясов.

– Мен атқан жоқпын, – деп жауап берді Ғайыпбаев.

Беттестіру барысында сотталушы Нұрқияс Илясов марқұмды мылтықпен ұрғанын және оқиға орнынан қаруды алып кеткенін жеткізді. Сонымен қатар ол өзінде пышақ болмағанын айтты.

Сонымен қатар Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишімбиева беттестіру кезінде сотталушылардың бірі Абзалдың өзіне «аузыңды жап, сені де өлтіреміз» дегенін айтып, оқиға кезінде барлық қатысушылардың қолында пышақ болғанын мәлімдеді.

Алайда сотталушы Нұрқияс Илясов бұл айыптаулармен келіспейтінін, оқиға орнында марқұмның анасын көрмегенін айтып, беттестіруден бас тартты.

Сондай-ақ марқұм Нұрқанат сотталушы Дидар Қалиахмет оқиға кезінде өзіне қарсы 3-4 мәрте қол жұмсағанын айтты. Жабылып ұрғандардардың арасында Дидар Қалиахмет болды деген беттестіру бейнежазбасында.

Іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны жайлы жазғанбыз.

Осыған дейін Абзал Шынасыл сотталушылардың біреуі Шерзатқа пышақ салғаны жайлы мәлемдеген болатын.

Пышақты көрдім, бірақ өзімді ғана қорғауға тырыстым.

Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты.

Айта кетейік, Шерзат Полаттың өлімі бойынша алғашқы сот отырысында прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.

 

Соңғы жаңалықтар