Мәслихат сайлауында 12 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 12 миллионнан астам азамат дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманқұлов брифингте мәлімдеді.

а
Фото: Kazinform / ЖИ

Оның айтуынша, аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беруге 20 күн қалғанда әкімдіктерден сайлаушылар тізімін алады.

— Биыл сайлауға 12 миллионнан астам сайлаушы қатысады деп жоспарланып отыр. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, дауыс беруге 20 күн қалғанда аумақтық сайлау комиссиялары әкімдіктерден сайлаушылар тізімін алады. Содан кейін тізімдер түпкілікті қалыптастырылады, — деді Азамат Айманқұлов.

Еске сала кетсек, 29 қарашада Қазақстанда кезектен тыс мәслихат сайлауы өтеді.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың қашан тіркеліп, үгіт-насихат жүргізе алатынын жариялаған еді. 

Мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлауға қатысу үшін 425 мың теңге көлемінде сайлау жарнасын төлеуі керек.

Сонымен бірге, ОСК 7 саяси партияның сайлауға қатысуына рұқсат берді.