Математика әрбір жастың білімін жетілдіруіне оң ықпал етеді – ұстаз
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Сәбит Бәймен халықаралық математика, физика және информатика мұғалімдері арасында өткен IMPACT Olympiad ашық шығармашылық байқауында екінші орын алды.
Kazinform тілшісі дүниежүзілік білім бәйгесінде жүлдегерлер қатарынан көрінген қызылордалық ұстазды әңгімеге тартқан еді.
- Алдымен өзіңізді білім бәйгесінде жүлдегерлер қатарынан көрінуіңмен құттықтаймын. Халықаралық байқауға қашаннан бері қатысып жүрсіз ?
- Математиканың нақты ғылымдар саласында алатын орны орасан зор. Оны ғылымдардың іргетасы деп бағалайды. Ғылымның бұл саласы физика, химия, биологияны дамытуға жол ашады. Математика кез келген ғылым саласына жан бітіріп, бойына қан жүгіртеді.
Өткен жылы аталған байқауда бірінші орын алған едім. Биыл екінші орын бұйырды. Сондай-ақ, мен былтыр А.Жұмаділдаев атындағы халықаралық байқауда екінші орын алған едім. Одан басқа көптеген олимпиадаларда алдыңғы орындардан көріндім.
Математикалық есептеулердің арқасында қазір технология қарыштап дамып келеді. Адамдар қауіпсіз үйлер салып, ғарышты зерттеуге мүмкіндік алды. Ол адамның жалпылау, анализ жасау, заңдылықтарды анықтау, тез ойлау, шешім қабылдау, жоспарлау, абстракты ойлау қабілеттері және логикасы, интеллектін дамытады.
Математиканың шығу тегі және даму барысы ұзақ мерзімге созылды. Арифметиканың өзі дербес ғылым ретінде бірітіндеп қалыптасты. Оның негізгі сұғымы өте ертеде пайда болды. Геометрияның бастапқы қарапайым ұғымдары табиғатты бақылау, тікелей практикалық өлшеу тәжірибесінен алынған. Оған байланысты бастапқы мағлұматт барлық халықта бар.
Жалпы, математиканың дамуы ерте кезден басталады. Ол біздің заманымыздан бұрынғы 7-6 ғасырларға дейін созылды. Ол уақытта математика адамзат практикасы мен тәжірибесіне тікелей тәуелді еді. Нәтижесінде сол дүниелерден қорытылған ережелер жинағынан тұрды. Келесі сатысы математиканың өз алдына дербес теориялық ғылым болып туу, қалыптасу кезеңін қамтиды. Онда арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия айрықша теориялық пән болып қалыптасты.
Ғалымдар аталған уақытта тұрақты шамалар математикасының, кейде элементар математика кезеңі деп бағалайды. Ол екі мың жылға жуық мерзімге созылып, шамамен ХІІ ғасырда аяқталды. Айнымалы шамалар математикасы немесе жоғары математиканың туу, қалыптасу кезеңін оның келесі сатысы ретінде саналады. Бұл ХІІ ғасырда басталып, ІХ ғасырдың екінші жартысына дейін созылды. Жиындар теориясына байланысты анализдің, геометрияның және алгебраның жаңа сападағы салалары шыққаннан кейін, математиканың негізгі мәселелерін жалпы қарастыру кезеңін төртінші кезеңге жатқызуға болады.
- Математика саласына қызығушылығың қалай оянды ?
- Анам математика пәнінің мұғалімі, өте шығармашыл адам. Үйімізде екі қабырғаға салынған сөрелер кітапқа толы. Олардың арасында математикаға байланысты кітаптар өте көп. Алғашқыда аталған кітаптардың суретін қарайтын едім. Кейіннен ішіндегі есептерін шығара бастадым. Сыныпта алдыңғы қатардан көріндім. Осылайша математика мені өзіне баурап алып кетті. Жаңа айтқанымдай, математика химия, физика секілді жаратылыстану пәндеріне әсерін тигізеді. Одан қалды қазақ тілі пәніне де әсері бар деп ойлаймын. Мәселен, сөздің, сөйлемнің құрылымы, фонетикалық талдаулар секілді талаптарға әсері бар. Яғни, математиканы барлық жерде қолдануға болады, оның пайдасы көп. Менің математиканы терең білуіме анам мен ұстаздарым әсер етті.
- Қазіргі оқушылар тарапынан математикаға қызығушылық қандай ?
- Оған бір жақты баға беруге болмайды. Қазір көптеген халықаралық байқауларда топ жарып жүрген қазақстандық өрендер аз емес. Олардың қабілет деңгейі әлемде жоғары бағаланып жатады. Жалпы, математика әрбір жастың білімін жетілдіруіне оң ықпалын тигізеді деген ойдамын. Дегенмен кейбір оқушылар оған қызыға бермейтінін жасыра алмаймыз. Мен өзім сабақты бастар алдында оған ерекше құрметпен қараймын. Оған өзімнің қызығушылығым зор. Айта кетсем, адам білмейтінінен қорқады, сондықтан оны жек көреді. Сол себепті оқушыларға есептің оңай екенін, қолынан келетінін, өмірдегі қолданысын көрсету арқылы қызықтыруға тырысаамын.
- Әлемде математикадан қай елдер алда келеді ?
- Жер шарында қызықты қаншама ғылым саласы бар. Оған қатысты қызықты болжамдар, деректер айтылады. Солардың арасында математика саласы ерте ғасырдан бері адамзат баласымен бірге жасап келеді. Осы мақсатта қаншама атақты ғалымдар жемісті еңбек етті.
Оны білу үшін ғылым, технология дамыған елдерді білу керек. Менің ойымша, математикасы дамыған ел өркениет шыңына шыға алады. Олардың қатарында Қытай, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ресей, АҚШ секілді алдыңғы қатарлы мемлекеттер бар.
- Сөз соңында өзің жайлы айта кетсеңіз.
- Мен 1995 жылы 22 қарашада Түркістан қаласында дүниеге келдім. Мектепті Жаңақорған ауданына қарасты Кеңес ауылындағы №239 орта мектебінде бітірдім. Астана қаласы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алдым. Педагогика саласында 6 жылдан бері қызмет атқарып келемін.
- Әңгімеңе рақмет.
Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық ұстаз Мұхтар Талғатұлы мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арнап жасаған математикалық сайт жасап шығарды. Ол қазір көпшілік арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр.