Майами турнирінде Рыбакина мен Путинцева өнер көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM – 18 наурызда басталатын Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды.

теннис
Фото: Kazinform

«Үлкен дулыға» додасынан кейінгі ірі жарыста Қазақстаннан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бақ сынайды.

Екеуінің де рейтингісі жоғары болғандықтан, турнирді екінші айналымнан бастайды.

Е.Рыбакина әлемнің 41-ракеткасы, америкалық Эшлин Крюгер немесе рейтингіде 69-сатыдағы Рената Cараcуаның қай жеңгенімен кездеседі.

Ю.Путинцеваның қарсыласы әлемнің 66-ракеткасы, америкалық Энн Ли болуы ықтимал. Бірақ ол үшін Э.Ли алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірін ұтуы керек.

Е.Рыбакинаны бұған дейін Дубай мен Индиан-Уэллстегі дәл осындай додаларда ресейлік, 17 жастағы Мирра Андреева тоқтатқаны белгілі.

М.Андреева аталмыш екі турнирдің екеуінде де жеңімпаз атанды. Индиан-Уэллсте әлемнің екінші және бірінші ракеткалары, поляк Ига Швентек пен беларусьтік Арина Соболенконы ұтты.

Осы табысынан кейін ресейлік теннисші әлемдік рейтингіде 11-ден бірден 6-орынға көтерілсе, Е.Рыбакина 7-ден 8-сатыға ығысады.

Өткен жылы Майамиде Е.Рыбакина финалға, Ю.Путинцева ширек финалға дейін жеткен еді. Биыл сол жетістіктерін қайталай алмаса, рейтингілік ұпайларынан айырылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ-та жарыстың 1-ракеткасын ұтып, финалға шыққанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар