Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді
![None None](/static/img/plug.webp)
Аудандық әкімдіктің ғимаратында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Онда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру талқыланды. Депутаттар, сонымен қатар, аудандық аурухана ұжымымен, «Нұр Отан» фракциясының мүшелерімен, тұрғындармен кездесті.
Кездесуде заңнаманы жетілдіру жұмыстары мен тәуелсіздік жылдарындағы елдің жетістіктері айтылды.
«Ел тәуелсіздігінің 25 жылында ел ауқымды жетістіктерге жетті. Мәселен сіздердің аудандарыңызға газ тартылды, су құбыры, жолдар бар. Бұрын облыс орталығы мен аудан арасындағы жол қандай болғанын еске алыңыздар. Жалақы өсіп жатыр», - деді А.Смағұлов.
Аудан тұрғындары өз проблемалары туралы, әсіресе, медициналық кадрлардың тапшылығы жайлы айтты. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Жолдас Қамбаровтың сөзіне қарағанда, ауданға 3 дәрігер керек. Қазір медициналық университетпен ауылдар үшін кадрларды дайындау бойынша келісім бар.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары газбен жабдықтау стансаларындағы жеңілдіктерді арттыру мәселесін қозғады.
Ауылдықтарды тыңдаған депутаттар олардың мәселелері қаралатыны жайлы айтты.