Мәжіліс депутаттары Ақтөбе-Орск тасжолының құрылысымен танысты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге келген Мәжіліс депутаттары бүгін Ақтөбе-Орск бағытындағы тасжолдың құрылысымен танысты. Екі жылға жоспарланған құрылыс жұмысы 2018 аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе келіп, Әйтеке би, Хромтау аудандары мен бірнеше ауылда аралаған Парламент Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Асылбек Смағұлов бүгін «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан Ақтөбе-Орск тасжолының құрылысымен танысты. Екі жылға жоспарланған құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

«Жол құрылысы кезінде екі көпір салынып жатыр. 8 шақырымдық жол құрылысының жұмыстарына 100-ден астам адам жұмылдырылған. «Нұр Отан» партиясы фракциясының комиссиясы тоқсан сайын қарап, құрылыс жұмыстарын қарап, қаржының тиімді, мақсатын жұмсалуын бақылайды. Сапасын «ҚазАвтоЖол» АҚ мен жол зертханасынан үнемі сұрап, ақпарат алып отырамыз. Техникалық байқалаушылар үнемі құрылыс басында жүреді»,- деді Мәжіліс Депутаты Глеб Щегелский.

2 

Ақтөбе-Орск тасжолына Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс берді. Мергідер «КТП» ЖШС құрылыс материалдарының бәрін жергілікті өндіріс орындарынан алып жатыр. Тек битум Маңғыстаудан тасымалдануда.

«Жол құрылысы уақытылы жүріп жатыр. Қиыршық тас, құм, балласт секілді құрылыс материалдарының бәрі жергілікті жерден алынды. Барлығы 8 шақырымдық жолдың 6,5 шақырымы биыл пайдалануға беріледі. Мердігер мекеме 3 жылға кепілдік береді»,- деді  Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев.

Мәжіліс депутаттары Ақтөбеге сапары кезінде «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан мектеп құрылысымен танысып, ауыл тұрғындарымен сөйлесті.

«Өз сапарымызда «Болашаққа бағдар: раухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласын түсіндіріп жүрміз. «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан құрылыс жұмыстармен танысып, халықпен сөйлестік. Хромтау аудынындағы Бөгетсай ауылының тұрғындары газ, ауыз су мәселесін көтерді. Жергілікті әкімдік жобалық-сметалық құжаттарының әзіреніп жатқанын айтты»,- деді Асылбек Смағұлов. Оның айтуынша, «Нотариат туралы», «Адвокаттық қызмет ету туралы» Заңдарға бірқатар ұсыныстар айтылған.  

Соңғы жаңалықтар