Мәжіліс депутаты Е. Тарасенко балалардың денсаулығын күту мәселесіне баса назар аударды - Ақтөбе облысы

Парламентші Ақтөбе облысында балалар мен жастарға арналған мектептен тыс мекемелер мен ойын-сауық орталықтарының желісін дамыту жөніндегі шаралар туралы мәселелер бойынша оқу және сауықтыру орындарында болып, бірнеше кездесулер өткізді.
Іссапар барысында депутат Хромтау мен Ақтөбе қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту мен демалуларына арналған бірнеше нысандарда болды. Мысалы, Хромтау қаласындағы Тау-кен комбинатының дене шынықтыру және денсаулық сақтау кешенінде, Ақтөбе қаласындағы Олимпиадалық резервтер мектебінде, планетарийде, көркем-сурет лицейінде, «Ақжелкен» аула клубында болды. Кездесулерде Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты, Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік жағдайының жақсаруы және жас ұрпақты тәрбелеудегі салауатты өмір салтын ұстану бағыттарында өз ойларын ортаға салды.