Мәжіліс сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізбек
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын қарауға қабылдады.

Сондай-ақ депутаттар аталған Конституциялық заңмен байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне cайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.
Осы құжаттар бойынша сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, заң жобалары Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, электоралдық практиканы ескере отырып, сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.
- Конституциялық заң жобасының негізгі мақсаттары: Мәжіліс депутаттығына бір кандидатты бір сайлау окургінен артық сайлау округінде ұсынуға тыйым салу, бір адамды бір мезгілде Мәжіліс пен мәслихаттың бір мандатты окургтері бойынша да ұсынуға тыйым салу, әкімге кандидаттың сайлау қорын құру, президенттікке, депутаттыққа, әкімге, сайлау комиссиясы мүшесіне кандидаттарға ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша соттылығының болмауы бойынша талаптарды күшейту, үгіт-насихат мәселелерін және тағы басқа мәселелерді реттеуге бағытталған. Ілеспе заң жобалары да сайлау өткізу рәсімдерін жетілдіруге, сайлау заңнамасының нормаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілігін енгізуге бағытталған, - деді ол.
Айта кетейік, өткен жылы елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.