Медет Ысқақов Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына әкім болды
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімі қызметіне Медет Ысқақов тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент Әкімшілігінің және Мәртөк аудандық мәслихатының келісімімен Медет Жұмабайұлы Ысқақов Мәртөк ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Қ.Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінің мұғалімі болып бастап, мектеп директоры қызметіне дейін көтерілген.
2016 – 2021 жылдары Қаратоғай ауылдық округінің әкімі, Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 – 2022 жылдары Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасын басқарды.
2022 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі лауазымында болды.