Медицина мамандары мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жасалады

коронавирус
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары әзірленіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

«Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем қызметінің 2 450 (98 пайыз) санитарлық көлігі GPS навигациясымен жабдықталған. Сіздердің медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныстарыңыз орынды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру, бақылау құралдарымен жарақтандыру шараларын көздейтін жоспарды әзірлеуде. Жоспар жобасы қоғамдық ұйымдардың, бейіндік қауымдастықтардың және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен талқыланып, осы жылдың наурыз айында бекітіледі», — деді Үкімет басшысының орынбсары жауабында.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова медицина қызметкерлерін қорғау мәселелері Үкіметтің бақылауында тұрғандығын бас айтады.

Еске салсақ, 27 қаңтарда ер адам шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған.

Содан соң ашуланып, жұдырық ала жүгірген.

Күдікті кейін облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақта жасырынған жерінен ұсталды.

Соңғы жаңалықтар