11:23, 27 Ақпан 2024 | GMT +5
Мектепте құлап, көз жұмған ақтөбелік оқушының ісі қысқартылды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектепте тіркелген қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргенімен, іс қысқартылды.

Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектептің 7-сынып оқушысы былтыр желтоқсан айында құлап, көз жұмды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ол үзіліс кезінде басын партаға соққан. Жедел жәрдем оны ес-түзсіз күйінде ауруханаға жеткізгенімен, бала өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Бүгінде бұл іс қысқарған.
- Оқушы өліміне қатысты іс қылмыстық құрам болмаған соң қысқартылды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.