Мел Гибсон, Джон Войт және Сильвестр Сталлоне Голливудта арнайы елші болады

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп Голливудтағы арнайы елшілер ретінде үш актерді таңдады, деп хабарлайды CBS News.

Мел Гибсон, Джон Войт и Сильвестр Сталлоне станут спецпосланниками в Голливуде
Коллаж: report.az

Мел Гибсон кез-келген көмек көрсету өзінің азамат ретіндегі міндеті деп санайды.

Кейінгі жылдары АҚШ-та киноиндустрия мен телешоулар өндірісі COVID-19 пандемиясына, 2023 жылы Голливуд гильдиялары ереуіліне және Лос-Анжелес аймағында болып жатқан орман өрттеріне байланысты қиындап кеткен. Prodpro мәліметтері бойынша, Голливудтың жалпы өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 26% - ға төмендеді.

Үлкен Лос-Анжелес аймағында фильм өндірісі 2023 жылдан бастап 5,6% - ға қысқарды, бұл FilmLA мәліметтері бойынша 2020 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Өткен қазан айында Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом Калифорния киносы мен теледидарына салықтық жеңілдіктер бағдарламасын жылына 330 доллардан 750 миллион долларға дейін кеңейтуді ұсынды. Атланта, Нью-Йорк, Чикаго және Сан-Франциско сияқты АҚШ-тың басқа қалалары өз қалаларында фильм түсіруді арттыру үшін салық жеңілдіктерін пайдаланды.

Дональд Трамп Мел Гибсон, Джон Войт және Сильвестр Сталлоне АҚШ-тағы киноиндустрияның өсуіне әсер етуі мүмкін деп үміттенеді.

Бұған дейін Дональд Трамп телевизиялық продюсер Марк Бернетті Ұлыбританияның арнайы өкілі етіп тағайындағанын жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар