Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.

– Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрлан Сауранбаевқа көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар