Елімізде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім соңғы он жылда 2,5 есе өсті

ТАРАЗ. KAZINFORM — Диқандарымыз екі жыл қатарынан рекордтық деңгейде мол астық жинап, қамбаны толтырды. Бұл туралы Президент Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында айтты.

бидай
Фото: Үкімет

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, мемлекет шаруаларға қаржылық қолдау көрсетудің оңтайлы жолдарын ұсынып жатыр.

— Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін диқандарға жеңілдікпен несие берілетін болды. Биыл осы мақсатқа 1 триллион теңге қаржы бөлінді. Бұл — осыдан бес жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 10 есе артық көрсеткіш. Дегенмен Үкімет ауыл шаруашылығының тиімділігі бойынша белсенді түрде жұмыс істеуі керек, қомақты қаражатты субсидия ретінде беру ең жақсы тәсіл деп айтуға болмайды. Осы аймақтағы көрші елдерде мұндай көмекті ешкім бермейді. Тегін деген ұғым мүлдем жоқ, — деді Президент.

Осыдан бұрын Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар