Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

Касым-Жомарт Токаев провел переговоры с Президентом Азербайджана  ✔️Глава нашего государства поздравил Ильхама Алиева с убедительной победой на выборах Президента Азербайджанской Республики и с предстоящим проведением саммита СОР-29 в Баку в 2024 году.  ✔️Касым-Жомарт Токаев высоко оценил уровень казахско-азербайджанского сотрудничества, которое развивается весьма динамично, наполняясь новым содержанием и совместными крупными проектами.  🇦🇿 Президент Азербайджана подчеркнул укрепление братских связей с Казахстаном.  ✔️В ходе переговоров лидеры обсудили вопросы торгово-экономического, транзитно-транспортного, энергетического, культурно-гуманитарного сотрудничества, а также взаимодействия в сферах цифровизации, продовольственной безопасности, возобновляемых источников энергии.  ✔️Кроме того, были рассмотрены перспективы реализации прорывных инвестиционных проектов, которые станут новыми точками роста экономик Казахстана и Азербайджана.  t.me/aqorda_resmi
Фото: Ақорда

БАКУ. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен және биыл Бакуде СОР 29 саммитін өткізу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады.

Президент Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығының мазмұны байып, бірлескен ірі жобалармен толыға түскенін және қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады.

Әзербайжан Президенті Қазақстанмен арадағы бауырластық байланыстардың беки түскенін айтты.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар екі ел экономикасының дамуына тың серпін беретін инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы қарастырылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті «Загульбада» қарсы алды.

Соңғы жаңалықтар