Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцельді қабылдады

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM – Президенттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары канадалық трансұлттық компанияның басшысымен кездесуден басталды. Жүздесуде уран өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцельді қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Cameco «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі екенін атап өтті. Елімізде қызмет ете бастағаннан бері аталған компания 500 миллион доллардан астам инвестиция құйған әрі технологиялар трансфертіне ықпал еткен.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан энергетиканы дамытудың жаңа кезеңіне өтіп, алдағы уақытта үш атом электр стансасын салуды көздеп отыр. Еліміз атом саласында қолданылатын инновациялық тәсілдерге қызығушылық танытады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Тим Гитцель Президентке «Инкай» бірлескен кәсіпорнының қазіргі қызметі мен жоспарлары жөнінде ақпарат берді. Бұл компания Түркістан облысында орналасқан кен орнын ширек ғасырдан бері игеріп келеді. 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар