Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
— Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Бірлескен күш-жігер арқылы ғасырлардан тамыр тартатын достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімім мол, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған дейін Президент ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барғанын жазған едік.
Кейіннен Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.