14:33, 06 Ақпан 2026 | GMT +5
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM - Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы жоғары білім туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады.