Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті еліміз Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен бизнестің жауапкершілігін арттыруға бейілдігін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Шинго Уэно Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру жайында мәлімет берді. Аталған жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен ем-шараға қолдануға арналған радий изотоптар алудың ғылыми-негіздемелік әдістерін әзірлеуді қарастырады.
Кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Сонымен қатар Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады.
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне ресми қабылдау өтті.
Кейін Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен және Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті.
Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Жапония Премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Рицумейкан Азия-Тынық мұхиты университетінің тұңғыш қазақстандық вице-президенті Серік Мейірманов Silk Way телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға сапары туралы пікір білдірді.
Қазақстан мен Жапония келіссөз қорытындысында ресми құжаттарға қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті.
Президент пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Smart city технологияларын талқылады.
Астана әкімі мен Токио губернаторы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді.
Президент Телерадиокешені жапониялық БАҚ-пен байланысын дамытады.
Токио губернаторы Қазақстан Президентін қазақ тілінде қарсы алды.