Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге келді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елбасы сапар барысында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысады. Айта кетейік, ферроқорытпа зауытының №4 цехы 2014 жылы іске қосылды. Заманауи өндіріс орны зауыттың қуаттылығын арттыртуға бағатталды.
Ал Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан шығарылып жатқан өнім «Нұрлы жол» бағдарламасымен іске асырылып жатқан жобаларға кең қолданылып жатыр. Астанадағы жаңа вокзалдың рельсі де Ақтөбе зауытынан шығарылған.
Сапар барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған Жұбановтар әлемі орталығы, Шығармашылық академиясы, «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған пәтерлер қолданысқа беріледі деп күтілуде.