15:24, 09 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Мемлекетаралық іздеуде жүрген Алматы тұрғыны ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы-1 стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, мемлекетаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.
Ол 4 желтоқсан күні Алматы халықаралық әуежайында «Алматы-Киев» бағытындағы рейс ұшар алдында жеке төлқұжаттарды тексеру кезінде қолға түсті.
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған азаматтың үстінен аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Алматы ІІД-нің Медеу аудандық ІІБ-на тапсырылды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.