Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Қайрат Сүнтаев Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
None
None

Қ.Сүнтаев 1961 жылы Павлодар облысында дүниеге келді. Соңғы 3,5 жыл ҚР Президенті Әкімшілігінде құқық қорғау жүйесі бөлімінінің инспекторы болып жұмыс жасады.

Сондай-ақ 60 жастағы Қайыржан Тоқышев департамент басшысының орынбасары - ведомствоның тәртіптік кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол бұрын ҚР мемлекеттік қызмет агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы - тәртіптік кеңес төрағасы болып қызмет атқарды.

«Рүстем Ақмырзаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұрын Ақтөбе және Қызылорда облыстары бойынша экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменттері бастығының орынбасары болып қызмет атқарды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар