Мемлекеттік қызметке іріктеу конкурсы енді онлайн жүргізіледі - агенттік

«Мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау рәсімін оңайлату, азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметке іріктеудің автоматтандырылған алгоритмі әзірленді. Мемлекеттік қызметке іріктеуді цифрландыру «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту арқылы жүзеге аспақ. Конкурстық рәсімнің барлық кезеңдері онлайн түрде қашықтан өткізіледі. Енді азаматтарымыз әлемнің кез келген нүктесінен және қалаған уақытында конкурсқа қатыса алады», - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.
Бұл бағытта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткерге ID нөмір беріледі. Азамат Жолмановтың сөзінше, конкурс рәсімнің ашықтығын тәуелсіз бақылау жүйесі қамтамасыз етеді. Осылайша, жаңа іріктеу форматына сәйкес, конкурстың қорытындылары ақпараттық жүйемен дербес шығарылады.