Мемлекеттік қызмет көрсету: қандай салаға шағым жиі түседі

Елімізде мемлекеттік қызмет көрсетуде шағым жиі түсетін салалар аталды, деп хабарлайды Kazinform.  

Мемлекеттік қызмет көрсету: қандай салаға шағым жиі түседі
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

«Сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 629 өтініш қаралды. Шағымдардың көпшілігі мемлекеттік органдар бойынша жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында мемлекеттік қызметтерге қатысты болып отыр. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 181 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Келіп түскен әрбір өтінішке егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі және азаматтардың мүдделері мен сұраныстарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті берушілердің жұмысы мен тиімділігі бағаланады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар