Мемлекеттік тіл үйреніп жүрген қызметшілерді ынталандырып отырамын – Игорь Лепеха
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мемлекеттік тілді білетін қызметкерлерді ынталандырып тұратынын айтты. БАҚ өкілдері ол ынталандыру шарасы ақшалай негізде қабыланатын болса, қаражатты қандай көзден алып жүргенін сұрады, деп хабарлайды Kazinform.

«Бізде мемлекеттік тілмен айналысатын құрылымды бөлініс бар. Бұл мәселеде нақты бір ынталандыру тетігі жоқ, оны білмеймін. Бұл әр қызметкердің моральдік құқығы. Олар азаматтармен сөйлескен кезде сұрақ қойған тілде қарым-қатынас жасау керектігі түсінікті. Біз қызметкерлерімізге тілді барынша үйретуге тырысамыз. Әзірге мрольдік тұрғыда ынталандырамыз», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, министрлікте мемлекеттік тілді білетін қызметкерлерді ынталандыруға арналған арнайы бюджет қарастырылмаған.
«Мемлекеттік тілді дамытуға арналған конкурстар өткізіп тұрамыз. Оның жеңімпаздары сыйақы алады. Ол жұмыс бізде жүріп жатыр. Жеке қаржыландыру жоқ», - деді Игроь Лепеха.