«Менің Қазақстаным» пойызы Мұғалжарда

ҚАНДЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Мұғалжар халқының қоғамдық қабылдауда көтерген мəселелерін аудан əкіміне жеткіздік, деді «Менің Қазақстаным!» пойызының Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында өткізген жұмыс күнінің қорытындысында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Камал Бұрханов.
None
None

«Мұғалжар ауданындағы жұмысымыз жемісті болды. Менің бір риза болғаным, қоғамдық қабылдауда болған кісілер жеке бас проблемаларынан гөрі ортақ мəселелер туралы көбірек айтты. Олар әлеуметтік жағдайларының жақсы екенін, газ, су, жарықпен қамтылғанын, тек жол мәселесінен қиналатындығын айтты. Жолдың жағдайы Мұғалжарға ғана қатысты емес, бұл - болашақта шешімін табатын мəселе. Бұл проблемаларды аудан əкімінің назарына жеткіздік. Қабылдауда болған көпшіліктің көтерген мəселелерін жазып алдық. Бұларды Астанаға барған соң тиісті орындарға жеткізетін боламыз», - дейді депутат.

Аталған аудан əкімі Серік Шаңғұтовтың айтуынша, Мұғалжар - Ақтөбе облысындағы ең ірі аудан. Оның əкімшілік аумағының құрылымына 3 қала, 12 ауылдық округ, 42 елді мекен кіреді. Ауданда 66 мың адам өмір сүреді. Мұғалжар ауданы əлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары, өндірісі мен өнеркəсібі қатар дамыған аграрлық-өнеркəсіптік аудан.

Айта кетейік, «Менің Қазақстаным!» пойызының Мұғалжар ауданында өткізген шаралары табысты болды. Келісім кеңесінің қабылдауына 17 адам келіп, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды. Жеке кəсіпкерлік саласы бойынша 49 адамға кеңес берілді. Жылжымайтын мүлікті, азаматтық хал-актілерді, заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі сұрақтар бойынша 30 адамға кеңес берілді. Сондай-ақ, 300 адамға медициналық кеңес жəне жəрдем көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 20 адам, əлеуметтік сала бойынша 30 тұлғаға кеңес берілді. Бұдан басқа түрлі тақырыптарда семинар-тренингтерге, лекцияларға, кездесулерге 420 адам қатысты. Жастармен өткізілген акцияға 300-ден астам жас қатысты.

Соңғы жаңалықтар