«Менің Қазақстаным» пойызының ХҚКО маманы Хромтау ауданының əкімін қабылдады (ФОТО)

«Əкім маған аудандағы мемлекеттік қызмет көрсету саласын жақсарту үшін əкімдікке ХҚКО-ға арналған Интеграцияланған ақпараттық жүйе бағдарламасын орнату туралы ұсыныстарымен келді. Мен ол кісіге мониторинг бағдарламаларын орнатуды ұсынып, ол үшін ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру жəне ақпарат комитетіне арнайы хат жазу керек екендігін түсіндірдім. Өйткені ол бағдарламаларды орнату сол комитеттің ғана құзыретінде», - деп атап өтті маман.
Ə. Есенқұловтың айтуынша, қазіргі таңда ХҚКО қызметіне тағы 35 мемлекеттік қызмет пилоттық жоба ретінде қосылып отыр. «Аудан əкімі осы жобаға əкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар, оның айтуынша, аудан тұрғындары жалпы ХҚКО жұмысына дəн риза», - деп толықтырды «Менің Қазақстаным» пойызының маманы. Сондай-ақ, ХҚКО Ақтөбе облысы филиалы Хромтау бөлімшесінің меңгерушісі Еркінбай Жүсіпұлының айтуынша, «Менің Қазақстаным» пойызының мамандары халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша Хромтау ауданының 30-ға жуық тұрғынын қабылдады. «Менің Қазақстаным» пойызының біздің ауданға келгеніне ел болып, жұрт болып қуанып жатырмыз. Пойыз мамандары аудан халқының түрлі салалар бойынша арыз-тілектерін тыңдап, мүмкіндігінше жауап берді. Солардың ішінде біздің Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы да келді. Ол кісі ауданның ХҚКО мамандарымен бірге халықты қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Дəл осы біздің сала бойынша 30-ға жуық сұрақ болды. Олардың негізгісі жер мəселесі, мемлекеттік қызмет көрсету сияқты сұрақтар болды. Сол жерде шешімін тапқан сұрақтар да болды, күрделі деген мəселелерді біз жазып алып облысқа, одан əрі республикаға жеткізетін боламыз»,- дейді ол. Е. Жүсіпұлының айтуынша, сонымен қатар, өз ұсыныстарымен келген тұрғындар да болды. «Мəселен Жер кодексінің 44-бабының 1-тармағына өзгерісер енгізілсе деген ұсыныстар болды. Ол бойынша, бұрын жер алу үшін азаматтар тікелей əкімдікке баратын болса, қазір ХҚКО-ға келеді. Ал біз елді мекендерде орналасқан жер телімдері туралы толық мəліметті білмейміз. Əкімдіктер қай жер бос, қайсысы жайылымдық жер, қайсысы шаруашылық жер дегенді біліп отырады. Сол себепті, біздің де ойымызша, елді-мекеннің жерлерін тікелей əкімдікпен байланыстырған жөн», - дейді маман.