Мереке қарсаңында халықтың әлеуметтік қорғалатын бөлігінен 68 ақтөбелік отбасы қоныс тойын тойлады

None
None
АҚТӨБЕ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Тәуелсіздік мерейтойының қарсаңында халықтың әлеуметтік қорғалатын бөлігінен 68 ақтөбелік отбасы жаңа коммуналдық үйлердің кілтін алды.

Қоныс тойын тойлап жатқандардың қатарында мемлекеттік қордан баспана алу үшін кезекте тұрған зейнеткерлер, Ұлы Отан, Ауған соғысының ардагерлері, сондай-ақ тыл еңбеккерлері, мүгедектер, толық емес отбасынан шыққандар және жетім балалар бар.

Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков салтанатты түрде табыс етті.

Жаңадан салынған 68 пәтерлі үй «Болашақ» шағынауданында бой көтерді.

Жалпы алғанда, тұрғын-үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2005 жылдан бастап 2010 жылға дейін Ақтөбе қаласында халықтың әлеуметтік қорғалатын бөлігіне, сондай-ақ бюджет ұйымының қызметкерлеріне, мемлекеттік және әскери қызметкерлерге 688 отбасы қоныстанған 11 көпқабатты үй берілді.

Соңғы жаңалықтар
telegram