04:07, 04 Маусым 2016 | GMT +5
Мерт болған қыздың әкесі сот кезінде қылмыскерге тұра ұмтылды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Огайо штатындағы сот залында бірнеше адам өлтірген Майкл Мэдисонның қолынан қаза тапқан 18 жасар қыздың әкесі қылмыскерге жұдырығын ала ұмтылды.

Ван Терридің мұндай қадамға баруына судьяның өлім жазасын кескендігі туралы үкімін оқығанда Мэдиссонның жымиғандығы әсер еткен, деп хабарлайды NBC News.
Мэдисонды үш қызды өлтіргендігі үшін өлім жазасына кесті. Олардың бәрін қылмыскер тұншықтырған.