Месси әлем чемпионатында қақпаға ең көп соққы жасаған ойыншы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Қатарда футболдан өткен әлем чемпионатында қақпаға ең көп соққы жасаған ойыншы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе екінші, оның отандасы Оливье Жиру үшінші орында.

Месси біріншілік барысында 33 рет қақпаға доп бағыттаған. Мбаппе одан бір соққы ғана қалып қойды. Жирудің есебінде 16 соққы бар.

Дүниежүзілік додада Килиан Мбаппе жеті матчта 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас шығарды. Үздік ойыншы атанған Лионель Месси қарсыластар қақпасына 7 гол енгізіп, 3 нәтижелі пас берді. Финалда Мбаппе хет-триктің, Месси қос голдың авторы атанды.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің кубокпен түскен фотосы желіде рекордтық лайк жинағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Аргентинадағы футбол мерекесі кезінде жанкүйер көз жұмды.

Роналду келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді.


Соңғы жаңалықтар