Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирде отандасын ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 310-орында тұрған отандасы Денис Евсеевпен өткізді.

Тәжірибелі, 35 жастағы М.Кукушкин сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде 7:6 (7:2), 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 194-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, аустралиялық Марк Полманспен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 325-орындағы Бейбіт Жұқаев алғашқы айналымда әлемнің 220-ракеткасы, түркиялық Азиз Дугазбен кездеседі.

Бұдан бір апта бұрын АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында челленджер додасында М.Кукушкин Б.Жұқаевқа есе жіберген еді. Бейбіт сол жарыстың финалына дейін жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапқанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Германиядағы жарысты жеңіспен бастады.

Қазақстан мүгедек арбасындағы теннистен алғашқы табысына қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар