13:13, 16 Қараша 2025 | GMT +5
Михаил Шайдоров АҚШ-та өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының лидері Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орынға ие болды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Қысқа бағдарламада спортшымыз үшінші нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада Шайдоров 161,42 ұпаймен көш бастады.
Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша ол 251,09 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орын алды. Франция өкілі Кевин Аймоз жарыс жеңімпазы атанды. (253,53 ұпай). Қола медальді жапониялық Казуки Томоно жеңіп алды (245,57 ұпай).
Айта кетелік Камила Аймукашева Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.