Милан-2026: қысқы Олимпиаданың басталуына 15 күн қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Екі аптадан соң XXV қысқы Олимпиада басталады. Ол 6-22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтеді.  

Милан-2026: қысқы Олимпиаданың басталуына 15 күн қалды
Фото: olympics.com

Италия осымен төртінші мәрте Олимпиада ойындарын өткізгелі отыр. Биылғы жылғы қысқы Олимпиада ойындарын осы елде өткізу туралы шешім 2019 жылы 24 маусымда ХОК-тың Лозанна қаласындағы 134-сессиясында қабылданған. 

Олимпиада ойындары Миланда алғаш рет өткізіледі. Ал Кортина-д’Ампеццо 1956 жылы ұйымдастырған.

Бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық үшін 13,3 млрд теңге бөлінгені туралы айтты. Оған қоса, ТОП-деңгейдегі 13 шетелдік жаттықтырушы-кеңесші жұмылдырылғанын жеткізді.

Министр XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын ұстап шығатын спортшыларға қатысты пікір білдірді.

Апта басында қысқы Олимпиадаға баратын Қазақстан спортшылары белгілі болды. Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ойындар қазақстандық телеарналарда тікелей эфирде көрсетелетінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар