Милан-Кортина қысқы Паралимпиада: Александр Герлиц екінші жарыс күнін аяқтады
АСТАНА.KAZINFORM- Қысқы Паралимпиада ойындарында Александр Герлиц пара биатлоннан 12,5 км қашықтықты 31 минут 55 секунд уақыт аралығында бағындырып мәре сызығын тоғызыншы болып кесті.
Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, осы дисциплинада келесі спортшылар жүлдегер атанды: 1.Цай Цзя-юнь (ҚХР)
2.Марк Арендз ( Канада)
3.Майер Марко ( Германия)
Айта кетейік, 13 наурыз күні ұлттық құраманың спортшылары Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Юрий Березин, Анна Грачова, Владислав Кобаль және Нурлан Алимов пара шаңғы жарысынан 1500 м қашықтықтағы классикалық спринт дисциплинасында сынға түседі.
Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында қысқы Паралимпиада ойындарындағы 8 наурыз күні өтетін жарыс кестесін жариялаған болатынбыз.
Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды.