Миланда Олимпиада ойындарына қарсы шеру өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Сенбі күні Милан мен Кортина қалаларында шамамен он мыңға жуық адам Олимпиада ойындарын өткізуге қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Миланда Олимпиада ойындарына қарсы демонстрациялар өтті
Фото: ТАСС

Еске салайық, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты кеше «Меацца» стадионында өткен.

Наразылық білдірушілер экологиялық және экономикалық тұрғыдан «тұрақсыз Олимпиадаға», Италиядағы АҚШ-тың ICE қызметі агенттерінің болуына, сондай-ақ Палестинаны қолдау мақсатында және Италия Министрлер кеңесі бекіткен жаңа қауіпсіздік шараларына қарсы шықты.

Бұл — Турин қаласындағы Аскатасуна әлеуметтік орталығынан көшіруге қарсы акциядан кейін ірі қатысушылар жиналуы күтілген алғашқы демонстрация болды. Аталған оқиға кезінде қақтығыс салдарынан бір полиция қызметкері ауыр жарақат алған еді.

Миланда полиция су шашқыштарды қолданғаны тіркелді, алайда ешкім ауыр зардап шеккен жоқ: бірнеше адам жеңіл жарақат алып, түрлі қоғамдық ұйымдардың мүшелері болған алты адам қамауға алынды.

Наразылық білдірушілер қала ішінде жаңадан ашылған Олимпиадалық ауылдың жанынан жүріп  өтті. Шеру барысында отшашу мен түтін шашқыштар қолданылғанымен, жалпы алғанда акция бейбіт түрде өтті. Кейбір транспаранттарда «ICE out» деген жазулар болса, басқаларында Джорджа Мелони үкіметі мен Милан мэрі Беппе Саланы сынға алған ұрандар жазылған.

Айта кетелік Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков үшін скиатлон жарысы аяқталған еді.

 

Соңғы жаңалықтар