Министр еліміздегі дәрігерлердің орташа жалақысын айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі дәрігерлердің орташа жалақасы туралы түсінік берді.
«Орташа, медианды жалақы бар, ол Қазақстан бойынша орташа көрсеткіште есептеледі. Мәселен, қызметін жаңа бастаған дәрігер шамамен 300-350 мың теңге алса, тәжірибелі дәрігерге, кардиохирургке миллион теңгеден астам төленеді. Осының бәрін есептей келе, Қазақстандағы орташа жалақы 405 мың теңге шамасында», - деді А. Әлназарова Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң қабылданды.
2025 жылы денсаулық сақтау саласына 2,4 трлн теңге қарастырылған.