Министр қылмыскердің изолятордан қашу оқиғасы туралы: Немқұрайлық танытқандар жауапқа тартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанада изолятордан қашқан қылмыскерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Ол жауапкершілікке тартылады. Кешкі 21:50 шамасында ұсталды. Жексенбі күні сағат 12:05 шамасында қашып кеткен болатын. Ұсталды, қылмыстық іс қозғалды. Қашқаны үшін жауапқа тартылады. Сонымен бірге, қызметкерлердің немқұрайлық танытқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бәрі анықталу үстінде», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалуына жауабында.

Министрдің айтуынша, қылмыскер қашқан тергеу изолятор нормаларға сәйкес келмейді.

«Сондықтан, бізге жаңа ғимарат салу керек, бірақ немқұрайлылық жағы тағы бар», - дейді ол», - деді Қалмұханбет Қасымов.

Еске сала кетсек, Осыдан екі күн бұрын Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер кеше қолға түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар